Ақтау қаласы ПБ бастығы полиция полковнигі Н.Мұханбетқалидің бастамасымен тәртіп сақшылары шаһарымыздағы “№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету” орталығына барып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері орталық мамандары мен тәрбиеленушілерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ақ тілектерін жеткізді.
Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер концерттік қойылым ұйымдастырып, өз өнерлерін ортаға салды. Жеткіншектерге полиция тарапынан сый-сыяпаттар тарту етілді. Аталмыш орталықтың тәрбиелеушілері де назардан тыс қалмады. Полиция басқармасының басшылығы педагог мамандарға қызметтері үшін алғыс білдіріп, сыйлықтар табыстады.
- Қайырымдылық жасау - ішкі істер органдарында тұрақты дәстүрге айналған игі істердің бірі. Біз өз тарапымыздан балаларды қуанту үшін қашан да көмек қолын созуға дайынбыз, - деп атап өтті басқарма бастығы Н.Мұханбетқали.
Маңғыстау облысы ПД өңір тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан Жаңа жыл мейрамымен шын жүректен құттықтайды! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге толағай табыс тілейміз!