Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Қалалық қоғамдық даму» орталығының ұйымдастыруымен қарттар үйінде қайырымдылық концерті өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Шара Наурызманың онкүндігіне орай өткізілді. Концертте М.Өскінбаев атындағы облыстық филармониясының өнерпаздары қарттарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кеште «Наурыз», «Мама», «16 қыз» әні шырқалды.
- Еліміздегі Наурызманың онкүндігіне сәйкес 15 наурыз - Қайырылымдылық күні болып белгіленді. Аталған концерт қарияларымыздың мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылды. Осындай шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылады, - деді Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы жастар саясаты бөлімінің жетекшісі Жібек Ерқасым.