Бүгін Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының қызметкерлері көктемгі сенбілікке шықты. Медицина мамандары 9 a шағынаудан, "I love Aktau" композициясынан бастап "Самал" теңіз жағалауына дейінгі аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенбіліктің мақсаты - облыс аумағын қоқыстан тазарту және халықты тазалыққа, бірлікке, жауапкершілікке шақыру, экологиялық сауаттылықты насихаттау.
- Тазалық - денсаулықтың басты кепілі. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әр азаматтың міндеті. Осы орайда біз де өңірдегі денсаулық сақтау мекемелерімен бірігіп, Ақтау қалалық әкімдігі ұйымдастырған жалпыхалықтық сенбілікке шықтық. Теңіз жағалауын қоқыстан тазартып, күн сайын көркейіп келе жатқан қаламыздың таза, әдемі болуына және көркеюіне үлес қостық. Қала тұрғындарын тазалықты сақтауға және сенбілікке қатысуға шақырамыз, - деді медицина мамандары.
Айта кетейік, сенбілік 15 мамырға дейін жалғасады.