Көршілес Атырау облысындағы су тасқынына байланысты Маңғыстауға 20 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Осыған байланысты Ақтауда 24 эвакуациялық пункт ашылды. Олардың әрқайсысында медициналық пункт жұмыс істеп тұр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Мұнда медицина қызметкерлері алғашқы медициналық-санитарлық, шұғыл көмек көрсетіп жатыр. Медициналық пункттер барлық қажетті дәрі-дәрмектермен, медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Дәрігерлер ауысыммен жұмыс істеп жатыр, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров.