© mkset.ru
Облыста 2023-2029 жылдарға арналған апатты және тозығы жеткен 113 үйді бұзу арқылы үй иелерін жаңа баспанамен қамтамасыз ету жол картасы бекітілген болатын. 2023-2024 жылдарға арналған жоспарға сәйкес, Ақтау қаласының 3-шағын ауданындағы N34,35,36,37,38 тұрғын үйлерді бұзу жоспарланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
2023 жылы Ақтау қаласындағы N34 және 35 тұрғын үйлер сүрілді. Аталған апатты тұрғын үйлердің орнында 65 пәтерден тұратын N71,72 тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары аяқталды. N34,35,36,37,38 үйлерден 56 пәтер иесі сонда қоныстандырылды. Бағдарлама бойынша шығындар жеке инвестор «Құрылыс Строй Сервис» ЖШС қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, қауіпті деп танылған N36, 37, 38 үйлерді бұзу 2024 жылдың соңына жоспарланған. Бұзылған үйлердің орнына 5 қабатты 90 пәтерлі жаңа тұрғын үй салынуда.
Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі биылғы жылдың қараша айына жоспарланған.