Ақтау қаласынан Бейнеуге 300 кереует жеткізілді. Қазір аудандағы еріктілер керуертті құрастырып, төсек орынмен жабдықтап жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бейнеу ауылының әкімі Нұржан Кенбаевтың айтуынша, Құлсарыдан келіп жатқан азаматтарға барлық жағдай жасалып жатыр. Облыс орталығынан шұғыл түрде кереует пен матрас жеткізілді.
- Аудандық Балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне 100 төсек-орын орналастырылып жатыр. Қалған 200 төсек-орынды бұрынғы провизорлық орталықтағы бөлмеге орнатамыз. Бұған дейін Құлсарыдан келген тұрғындар 11 мектепке және жергілікті тұрғындардың үйіне жайғасты, - деді ауыл әкімі Нұржан Кенбаев.
Айта кетейік, осы уақытқа Құлсарыдан Бейнеуге 15 мыңға жуық адам келді.