Бүгін, 20 қазан күні Ақтаудың жиырма алты шағын ауданында бірдей ауыз су болмайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"4-Орталық сумен жабдықтау торабының магистральдық ауыз су құбырында авариялық жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты 20.10.23 ж. сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Ақтау қаласының келесі аталған шағын аудандарында ауыз судың өшірілетінін хабарлаймыз: 16, 17, 18, 18а, 19, 19а, 20, 20а, 30, 31, 31а, 31б, 32, 32а, 32б, 32в, 33, 34, 35, 38, Толқын-1, 2, Шығыс1,2,3, Самал-2.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз",- делінген "КЖСА" МКК хабарламасында.