Құлсары қаласының тұрғындарын Маңғыстау облысына эвакуацияланған алғашқы күндерден бері "Асар-С" көтерме сауда базарының кәсіпкерлері гуманитарлық көмек жинауға белсенді атсалысып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кәсіпкерлер азық-түлік өнімдері мен гигиена құралдарын және балалар тамақтарын Атырау мен Бейнеуге жіберді.
- Қазір көршілес өңірлерде су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Біз қолымыздан келгенше өз өнімдерімізді төмен бағада сатып жатырмыз. Сонымен қатар, Атырау облысы мен Бейнеу ауданына гуманитарлық көмек жіберіп жатырмыз. Гуманитарлық көмек жиналып жатқан Жастар орталығына азық-түлік жіберіп жатырмыз. Мысалы онда балалар тамағы, жөргектер, қарақұмық, күріш, ұн, бұқтырылған ет, тауық еті жетіспейді, - дейді кәсіпкерлер.