Автокөліктерді заңдастыру бойынша өтініштердің азаюына байланысты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін МХҚО-лар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін қабылдайды.
Айта кетейік, Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Тараз және Орал қалаларында МХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады. Осы қалаларда МХҚО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін қабылдайды.
Орталықтар жаңа жұмыс кестесі бойынша 6 наурызға дейін жұмыс істейді. Өзгерістер бойынша қосымша хабарланатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 23 қаңтарында елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды. Бұл қызмет 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін көрсетілетін болады. Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында автокөлікті заңдастыратын МХҚО-лардың мекенжайларының тізімі жарияланған.