Жыл басынан бері Ақтау қаласы жедел басқару ПБ орталығына түрлі сипаттағы 211 893 өтініш келіп түскен. Мобильді қосымша арқылы 130 адам полицияғаомникалды байланыс жасаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Орталық қызметкерлері он айдың қорытындысы бойынша қала бойынша барлығы 186 қылмысты анықтап, ашты.
Бейнебақылау камералары арқылы 23 018 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданған. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен 1467 факті тіркелген.
Сондай-ақ 1502 құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік кодекстің 440-бабы бойынша хаттамалар толтырылды. Ал жол ережесін бұзған 15 589 жүргізуші мен жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.