Ақтауда 12,3 млрд теңгеге «Каспий» су тұшыту зауыты қуатын тәулігіне 40 000 м3 ауыз су өндіруге дейін ұлғайту» жобасы іске асып жатыр. Аталған зауыттың қайта құрылымы 2024 жылдың сәуір айында аяқталады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Ал мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы биыл 3 наурызда берілген.
- Бұл ретте түзетуден кейін су тұшыту зауытын салу құны 18,1 млрд теңге болды. Өсім шамамен 5,1 млрд теңгеге теңесті. Осыған орай жергілікті бюджет қазынасында қажетті қаражаттың болмауына байланысты 2 тамызда Үкіметтің резервінен жобаны аяқтауға 5 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі таңда игерілгені - 1,7 млрд. тенге. Ал қалғаны 3,3 млрд. теңге,- деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдеш Түркменбаев.
Бүгінгі күні су тұшыту зауытында технологиялық жабдықтарды жеткізу және орнату жұмыстары басталды. Қысқа мерзімді жоспары 80% аяқталған.