Маңғыстаулық суретшілердің «Грузин мотивтері» арт-экспедициясы барысында салған сурет көрмесі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Грузияға арт-экспедияцияға Аймұрат Таңатов пен Тынышбек Балтабаев бастаған маңғыстаулық суретшілер мен блогер Нұркен Тәжібай барған. 10 күндік арт-экспедиция барысында суретшілер Грузия елінің тамаша табиғатын майлы бояумен қағазға түсірген. Көрмеге қылқалам шеберлерінің 30 туындысы қойылды. Шараға Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев қатысып, арт-экспедицияның шаһарды дамытудағы маңыздылығын атап өтті.
-Мәдениет саласында шекара жоқ. Өңіріміздегі осы саланың дамыту бағытында көптеген суретшілер жұмыс істеуде. Маңғыстаулық суретшілердің барған әрбір іссапары маңызды. Себебі шетелдегі арт-экспедиция арқылы тәжірибе мен білім жинақтаған суретшілеріміз Ақтау қаласының өнер саласы мен мәдени әлеуетін дамытуға үлес қосады, - деді Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев.