Әлеуметтік желіде Жаңаөзендегі мектептердің бірінің түлектері түсірілген видео тарады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
25 мамыр күні сағат 09.30-да Жаңаөзен қаласының барлық мектептерінің түлектеріне Білім және ғылым министрлігінің арнайы тапсырмасына сәйкес «Рахмет саған, мектебім!» іс-шарасы өтті.
Шара соңында Жаңаөзен қаласы N5 мектеп-гимназиясының 11-сынып түлектері,
мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшісі, ата-аналар көліктерімен қаланы аралап, қалалық саябақты және басқа да көрікті жерлерді аралаған.
"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабының 2-тармағына сәйкес полиция қызметкерлері көлік жүргізушілеріне хаттама жасап, айыппұл салды. Осыған қатысты қалалық білім бөлімі ішкі аудит жүргізеді. Түлектер сағат 15.00-де үйлеріне аман-есен тарады. Ата-аналарға мектеп бітірушілердің әлеуметтік желідегі әрекеттері алдағы уақытта қатаң бақылауға алынатыны ескертілді», - деп атап өтті білім басқармасы.