Ақтауда қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Саламатты ел» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Абай оқулары» байқауы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
10 тамыз – Абай күніне орай ұйымдастырылған сайыста мектеп оқушылары ақынның қара сөздерін жатқа айтып, өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Сайыс қорытындысы бойынша қатысушыларға диплом және арнайы сыйлықтар табысталды.
«Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Тілектес Амирханова, екінші орынды Торғын Мағауия, үшінші орынды Айым Ғабилен иеленді. Байқау негізгі мақсат - Абай шығармаларын дәріптеу және насихаттау», - деп жазылған облыстық Мәдениет басқармасының ақпаратында.