«Каспий күні-2024» мерекесіне орай және «Таза жағалау» экологиялық науқаны аясында жағажай волейболынан өндірістік және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері арасында ашық турнир өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Турнир Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Маңғыстау облысының жастар саясаты басқармасы мен Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен және «ЭкоМангистау» ҮЕМ-нің @ecomangystau демеушілігімен өткізілді. Жарысқа өңірдің ірі кәсіпорындарынан 7 команда қатысты.
Жарыс жағажай волейболын және «Таза жағалау» экологиялық науқаны насихаттауға бағытталған. Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені «МАЭК» ЖШС командасы, екінші және үшінші орындарды «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және «CASPI BITUM «БК»ЖШС қызметкерлері бөлісті.
Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.