Ақтауда түнгі кезекшілікте және таңертең автомобиль және жаяу жүргіншілер жолына 24 м3 құм және 10 тонна тұз аралас қоспасы себілді. Жолдарды қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
«Компания Строй Инвест 2020» ЖШС жұмысшылары түнгі кезекшілікте және таңертең жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында ең алдымен қауіпті аймақтарға, аялдама және жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау жұмыстарын жүргізді. Аталған жұмыстарға 35 жұмысшы, бірқатар техника жұмылдырылды
Түнгі кезекшілікте және таңертең мына мекен-жайларға 24 м3 құм және 10 тонна тұз аралас қоспасы себілді:
Түнгі кезекшілікте және таңертең жол қауіпсіздігін сақтап, көктайғақтың алдын-алу мақсатында мына мекен-жайларда қардан тазалау жұмыстары жүргізілді:
Сондай-ақ, шағынаудан ішілік жолдарға құм-тұз себу жұмыстарына «Ақжол+К» мекемесінен 300-ге жуық қызметкер жұмылдырылды. Қызметкерлер шағынаудан ішілік автомобиль және жаяу жүргіншілер жолдарына 4 тонна құм-тұз аралас қоспаны септі. Қазіргі таңда мердігер мекеменің қызметкерлері шағынаудан ішілік автомобиль және жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.