Ақтауда жол сызықтарын сызу жұмыстары жүріп жатыр
10 сәуір, 09:23 | Маңғыстау жаңалықтары
Ақтауда автомобиль жолдарына 1 наурыздан бастап 1825 м2 шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жұмыстарға 7 техника және 15 жұмысшы жұмылдырылды. Асфальт төсеу жұмыстары мына мекен-жайлар бойынша жүргізілді:
- №25 автомобиль жолы, 33 ш/а «Дина» гипермаркетінен бастап «Сақ» базарына дейін;
- №19 автомобиль жолы, 12 және 13 ш/а, 20 және 19А ш/а аралығы;
- №12 автомобиль жолы, «Каспий жылу, су арнасы» МКК-дан бастап Жалау Мыңбайұлының ескерткішіне дейін.
- №9Г автомобиль жолы; 27 шағын аудан Жасыл базар маңы;
- №5 автомобиль жолы, Қарттар үйінен бастап «Каспий» футбол клубына дейін;
- №6 автомобиль жолы, 1 және 1А ш/а аралығы;
- №8 автомобиль жолы, 4 ш/а 1-үй маңы.
- Шұңқыр жолдарды жөндеу жұмыстары 1 наурыздан бастап жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 1825 м2 асфальт төселді. Бұдан бөлек, мердігер компания қызметкерлері жол сызықтарын сызу, бағдаршамдарды, аялдамаларды тазалау және жол жиектерін сыпыру жұмыстарын жүргізуде, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.
461
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.