25 қыркүйек күні сағат 20:14-те 102 кезекшінің пультіне 6а шағын ауданында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы шақыру келіп түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-не сілтеме жасап.
Жол сақшыларының мәліметінше Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермеген. Зардап шеккендер жоқ.
Toyota Camry көлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.