Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 2023 жылдың 23 қыркүйегінде облыстық полиция департаменті жасөспірімдер арасындағы төбелесті видео арқылы анықтады. Белгілі болғандай, оқиға 27ш/а үйлердің бірінің маңында болған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Полицейлер кәмелетке толмаған 12 жеткіншекті ұстап, Ақтау қалалық ІІБ-не жеткізді.
– Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.