Ақтауда жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүрген көлік иесіне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, 7 шағынауданы 8 үй артындағы жаяу жүргіншілерге арналған аймақта көлік жүргізіп бара жатқан адам видеоға түсіп қалған.
Ақтау қаласы ПБ ППБ қызметкерлерімен жүргізушінің жеке басы анықталып, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабының 1-бөлігі бойынша (“Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру”) хаттама жасақталды.
Сондай-ақ қалалық басқарма өкілдері Instagram әлеуметтік желісіне мониторг жүргізу барысында жол қозғалысын орындамаған жүргізушіні анықтаған.
Ақтау қаласы ПБ ППБ қызметкерлерімен жүргізушінің жеке басы анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 601-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасақталды.