Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тінәлиев шағынаудандағы жолдардағы шұңқыр жолдарды жөндеу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімі жауапты бөлімге және мердігер компанияға жолды жөндеуге қатысты тиісті тапсырмалар берді. 11-шағынауданның №23, 24, 25, 18А, 18, 19 тұрғын үйдің маңындағы жолдарға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.
-Ақтау қаласы аумағында 18 сәуір күні шағынаудан ішіндегі жолдарға шұңқырлы жөндеу жұмыстары басталған болатын. Биыл қаладағы шағын ауданның ішкі жолдарына 48 мың шаршы метр асфальт төсеу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 11-шағынауданның ішкі жолдарында шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған шағынауданның ішкі жолдарына 2000 шаршы метрге жуық асфальт төселді. Шұңқыр жолдарды жөндеу жұмыстары басқа шағынаудандарға да жүргізіледі, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Жанболат Жақыпов.
Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі қала тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.