Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен «Рухтан» қоғамдық қоры және «1000 qystau» орталығының ұйымдастырумен 1-2 маусым күндері Маңғыстау облысының жастары арасында «SUMMER CUP-2024» дебат турнирі өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Шараға 14-35 жас аралығындағы 130-дан астам облыс жастары қатысады деп жоспарланып отыр.
Жастар «SUMMER CUP-2024» дебатында:
- КУК 1941 жыл 7 желтоқсан күні БП Жапония ретінде Перл-Харборға шабуыл жасаудан бас тартады;
- БП Кеңес уақытындағы адамдар қазіргі жастарға қарағанда бақыттырақ болды деп есептейді;
- БП Жасанды интеллектпен жасалған өнер секілді авторлық құқыққа ие болуы керек деп есептейді;
- Бп Қоғам өзін-өзі реттеу мақсатында Қазақстанға Cancel Culture керек деп есептейді қарарлары бойынша ойын ойнатылатын болады.