Ақтауда «Компания Строй Инвест 2020» ЖШС жұмысшылары түнгі және күндізгі кезекшілікте автомобиль жолдарында жиналған жаңбыр суын сорып алу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда:
- №12 және 3 автомобиль жолының қиылысы, 5 және 7 шағынаудан аралығы;
-7 шағын аудан, 12 үй артындағы аумақ;
-№27 және 24 автомобиль жолының қиылысы, «Аяулы ана» ТҮК-нің маңы;
-17 шағынаудан «Халық арена»;
- 16 шағынаудан, «Инара» ТҮК-нің маңы;
-14 шағынаудан, «Тамшалы» ТҮК-нің маңынан жаңбыр суы алынды.
Бұл жұмыстарға 5 жауапты шебер, 68 жұмысшы, 7 жүргізуші, 3 автобус, 3 газель, 1 бойлер автокөлігі және 4 мотопомпа жұмылдырылды. Автомобиль жолдарынан жалпы 231м3 су алынды. Су сору жұмыстары жалғасып жатыр.