
Әлсіреп ұша алмай қалған аққудың балапаны туралы Қаракөл-Қарақияға қарасты инспекция мамандарына Табиғатты қорғау полициясы хабарлаған. Аққу Өмірзақ ауылына жақын маңда жүрген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
-Аққудың балапаны қорек таба алмаған соң қатты әлсіреп қалған. Инспекция мамандары аққуды тексерген соң, Өмірзақ ауылының ветеринарына көрсетті. Ешқандай жарақаты жоқ екен. Жағдайы бір қалыпқа келген соң, аққу Қаракөл көліне жіберілді, - Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов.
Инспекция басшысының айтуынша, осындай көмекті қажет ететін құстар мен жануарлар үшін аймақта арнайы орынның болмауы қиындық туғызып отыр.