Ақтауда «IQ интеллектуалдық мектебі» деген жаңа зияткерлік мектеп ашылады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Жаңа оқу жылы қарсаңында «Шығыс-1» шағын ауданында жаңа зияткерлік мектеп есігін айқара ашады. Қазіргі уақытта ғимараттың ішкі, сыртқы әрлеу жұмыстары жүріп жатыр, мектеп құрал-жабдықтары жеткізіліп қойған. Білім ордасының құрылысы кәсіпкер Гүлжиһан Жақаеваның жеке қаражатымен салынып жатыр.
– Менің міндетім мемлекеттік стандартқа - құрылыс, санитарлық, білім беру стандарттарына сай заманауи мектеп салу еді. Бұл толықтай компьютерлендірілген және «болашақтың жайлы мектебі» болады. Ең алдымен, балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөлеміз. Сондықтан біз барлық кеңселерге кіру жүйесін, бейнебақылау камераларын орнатып, ата-аналарға ыңғайлы болу үшін балаларды көлікпен тасымалдаймыз. Екінші міндетіміз – білім алуға қолайлы жағдай жасау. Мектеп 1-4-сыныптар аралығындағы балаларды оқытуға арналғандықтан, оларды оқуға ынталандыратын, мектепке қуана келетін дизайн әзірледік. Балалардың демалыс уақытын көңілді өткізуіне жеке субұрқақ көмектесетін болады, - дейді Гүлжиһан Жақаева.
Бір айта кетерлігі, жаңа мектеп ұжымы тек ұстаздардан емес, әр баланың өз мүмкіндіктерін ашуға, өз жолын табуға көмектесетін тәлімгерлерден құралған. Бұлар – 30 жылдан астам педагогикалық тәжірибесі бар өз саласының кәсіби мамандары. Кәсіпкер балалардың физикалық дамуын да ескереді. Екі ашық, бір жабық спорт залы бар. Спорт секцияларында балаларға «Каспий» футбол клубы мен каратэ федерациясының кәсіби жаттықтырушылары сабақ береді. Таңертең балалар білім негіздерін меңгерсе, түстен кейін оларды үйірмелер мен секциялар қарсы алады.
- Ұсақ моториканы дамыту үшін біз шеберханаға қыш ыдыстар сатып алдық. Балалар өздеріне ұнайтын іспен айналыса алады. «Бейнелеу өнері», «Актерлік шеберлік», «Хореография», «Шахмат», «Домбыра» үйірмелері жұмыс істейді. Сонымен қатар, робототехника мен бағдарламалау үшін 3D принтерлерін сатып алдық. Сынып кабинеттерінде ыңғайлы парталар мен интерактивті тақталар бар екенін атап өткім келеді. Сондай-ақ, мектебімізде 1-сыныптан бастап балалар ағылшын тілін тереңдетіп оқиды, қаласа, олар сөйлесу клубына қатыса алады. Онда халықаралық сертификаты бар, сол тілде сөйлейтін Нидерландыдан келген мұғалім сабақ береді », – дейді кәсіпкер.
«IQ зияткерлік мектебінде» балалардың жеке дамуы үшін барлық жағдай қамтамасыз етілген. Олар оқу үдерісін қызықты ету үшін ең озық технологияларды, оқытудың интерактивті әдістерін, бірегей білім беру бағдарламаларын қолдана алады.
Гүлжиһан Жақаева атап өткендей, 1-4 сыныптарға қабылдау жүргізіліп жатыр. Біз барлық оқушыны келешектің жаңа IQ зияткерлік мектебінде күтеміз!
Байланыс үшін: Гайыпбаева Күләш Құрманбайқызы, телефон нөмірі +7 (707) 512-60-10