Биыл маусымның соңында Қазақстан тұрғындары үшін электр энергиясының бағасы айына 0,2%-ға, жылына 31,7%-ға өсті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты EnergyProm-ға сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында тарифтер 7,9%-ға өсті, ал басқа аймақтарда өткен аймен салыстырғанда өзгеріс болмады.
Жылдық динамика бойынша, тарифтер өткен маусым айынан бері Ұлытау облысынан басқа барлық өңірлерінде бағаның өсуі байқалды. Тарифтердің ең көп жылдық өсімі Ақтөбе облысында: 69,2%. Атырау (жылына + 68,2%), Павлодар (+ 48,5%), Шығыс Қазақстан + 44,5%) және Абай ( + 44,3%) облыстарының тұрғындарына да қымбатшылықты сезді.
Тарифтердің ең аз жылдық өсімі Маңғыстау облысында (8%) тіркелді.
Қазақстанда орта есеппен электр энергиясының бағасы бірінші деңгей 100 кВт/сағ үшін 2,1 мың теңге, екінші деңгей үшін 2,8 мың теңге, үшінші деңгей үшін 3,5 мың теңге болды.