Ақтауда үстіне алтыншы қабаттан диван құлаған ер адам сегіз айдан кейін қайтыс болды. Бұл туралы марқұмның ағасы айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты tengrinews.kz сілтеме жасап.
Марқұмның ағасының сөзінше, ер адам 26 тамызда қайтыс болған.
"Бізге Германия мен Ресейден мамандар шақыруымызға тура келді. Себебі Қазақстандағы бірде-бір дәрігер оны қабылдамады", - дейді 39 жастағы марқұмның ағасы.
Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізді. Мамырда диванды лақтырған адам кім екені ақыры анықталмаған.
Еске салайық, биыл қаңтарда 11-шағынаудан №41 үйден төменге жиһаз құлаған. Ер кісінің мойын омыртқасы сынған. Ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылып, операциядан соң көктемде үйіне шығарылған болатын.