Үш жасар қыз баланың басы ойын кешенінің темір торына қысылып қалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 8 қазан күні 13 шағынаудандағы «Астана» тұрғын үй кешені №54 үйінің жанында болған.
- Сағат 15:07-де дағдарысты басқару бөліміне балалар ойын алаңындағы темір тордың арасына үш жасар қыздың басы қалып қалғаны туралы ақпарат түсті. Шақыру орнына жеткен құтқарушылар гидравликалық қайшының көмегімен торды кеңейтіп, қызды аман алып қалды, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.