Маңғыстаулық полицейлер тұрғындарды “жұмысқа орналасуға көмектесемін” деп сан соқтырып кеткен алаяқтың жолын кесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жергілікті тұрғындарға “жұмысқа орналасуға көмек беремін” деп уәдесін орындамаған алаяққа қатысты полицияға арыз түсті. Кейін белгілі болғандай, алаяқтық ойын іске асырмақ болған ер адам жәбірленушілерден 2.700.000 теңге көлемінде қаражат алған. Бұдан бөлек, азық-түлік дүкеніне “газ құбырын орнату үшін қажетті құжаттарды рәсімдеп беремін” деп, алаяқтық жолмен 1 миллион теңге иемденіп кеткен.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен күдіктінің жеке басы анықтап, іздеу кезінде бірден қолға түсірді. Қазір аталған дерек қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды.
Қазіргі таңда Ақтауда алаяқтық деректері жиі орын алуда. Бұл жағдайлар көбіне жәбірленушілердің аңдаусыз әрекеттері салдарынан болып жатады. Полиция тарапы тұрғындарды қырағы және абай болуға шақырады.