Аталған құбыр ешбір байланыс схемасында көрсетілмеген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
7 шағынаудандағы 21 үй тұрғындарының айтуынша, газ құбырын «Каспий жылу, су арнасы» МКҚК-ның жұмысшылары зақымдаған. Осы ретте тұрғындар облыс әкімінің Telegram чатына шағымданған.
«Қазір пәтерде, тіпті, көшеде де қатты иіс бар. Газ қызметкерлері келіп, ештеңе істемейді», - деп жазды арна қолданушысы.
«Каспий жылу, су арнасы» МКҚК директорының орынбасары Ислям Үсенов бұл құбыр арқылы газ беру тоқтатылғанын атап өтті. Айтуынша, мәселе мынада, құжаттар бойынша газ құбыры ол жерде болмауы керек. Яғни, зақымдалған құбыр арқылы газ тұрғын үйге емес, заңды тұлғаларға берілді.
«Қандай жағдайда да аталған газ құбыры біздің схемада болуы керек. Түстен кейін бұл құбырды кімнің балансында және кім жүргізетінін, уәкілетті органдарға неліктен хабарланбағанын анықтаймыз», - деді Ислям Үсенов.
Қазіргі таңда КЖСА қызметкерлері бұл газ құбырына тапсырыс беруші және мердігер кім екенін анықтауды көздеп отыр.