Ақтауда студенттерге арналған «Yessenov Party» өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Шараның мақсаты – оқу ордаға жиналған студенттердің басын қосып, біріктіру. Ортақ құндылықтарды дәріптеу.
Шара барысында ҰБТ бойынша ең жоғары баллға ие болған 10 адамға студенттік билет табысталды. Сондай-ақ сайлау арқылы анықталған студенттік кеңестің жаңа президенті Әлібек Ерғазы студенттерге таныстырылды. Кеш одан әрі концерттік шарамен жалғасты. Онда елге танымал Introvert, Ziruza, Али Отенов есімді әншілер ән салып, «Talent Show-2022» жобасында жеңіске жеткен студенттер өнер көрсетті.
Айта кетейік, биыл оқу орнына 2 914 студент түсті. Оның 1 100-і мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданған. Университет өкілдерінің айтуынша, бұл рекордтық деңгей. Яғни, ЖОО 45 жылдық тарихындағы ең жоғарғы нәтиже. Олар Өзбекстан, Қытай, Әзірбайжан, Иран, Камерун, Нигерия, Украина, Түркіменстан, Ресей сынды жалпы 10-нан астам елден оқуға келгендер. Ал Алматы, Түркістан, Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан 370-тен астам талапкер «Yessenov University»-ді таңдаған.