Мәскеу қаласында өтіп жатқан халықаралық балалар мен жөсөспірімдер байқауында IT-лицейдің оқушысы Аслима Шакхат «Ұлттық аспаптар» номинациясы бойынша 1-орын алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аслима Шакхат Атырау қаласында өткен «Жас толқын» аймақтық байқауында топ жарып, Мәскеудегі халықаралық конкурсқа жолдама алған.
- Мәскеуде өткен халықаралық байқауға 4 ай дайындалдық. Аслима бас жүлдеге ие болды. Қазір ол Өнер колледжіне түсуге дайындалып жүр. Ал бұл байқаудың демеушісі «Каспий құбыр консорциум» АҚ алғыс айтамыз, - дейді жетекшісі Айтолқын Амангелді.
Сонымен қатар Аслиманың жетекшісі Айтолқын Амангелді де алғыс хатпен марапатталды.
Айта кетейік, Аслима Шакхат - Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінің шәкірті. Қазіргі кезде жетіген класының 5-сыныбында оқиды. Бұған дейін де қалалық, облыстық және республикалық жарыстарда жеңімпаз атанып жүр. Жетігеннен бөлек, скрипка және фортепианода ойнайды.