Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, күйші Тұрар Әліпбаевтың «Күй ғұмыр» атты шығармашылық кешіне өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Айтулы кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Ғылымов, республикалық халықаралық байқаулардың лауреаттары қыл-қобызшы Санжай Әлмішев пен дәстүрлі әнші Алмагүл Қаратаева қатысады
Шығармашылық кеш 29 наурыз күні М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында кешкі сағат 19:00-де басталады.
Кіру ақысы тегін.