Облыстық аурухананың баспасөз қызметі қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы тұрақты екенін атады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Науқас сал болып қалған. Қазіргі жағдайы тұрақты, - деді облыстық аурухананың баспасөз қызметіндегілер.
Облыстық полиция департаменті аталған жағдайға қатысты іс жабылмағанын, тергеу амалдары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Бұған дейін Ақтаудағы 11 шағын аудандағы №41 көпқабатты үйдің жоғары қабатынан әлдекімдер жиһазды төмен лақтырған болатын. Кейін құқық қорғаушылар аталған дерекке қатысты қылмыстық із қозғады.