Ақтауда соңғы қоңырау салтанатынан кейін кортеж жасаған 35 көлік құралы айыптұраққа жабылып, авто иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, түлектер отырған кортеж патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің ескертулерін елемей, түрлі құқық бұзушылық жасаған. Жасалған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі – ҚР мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздік белдіктерін тақпауы, көлікті мемлекеттік нөмірсіз басқару, алдыңғы және бүйір терезелерді қараңғылау болған.