Ақтауда 14 шағынауданның ішкі жолдарында шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандарының сөзінше, ауа-райы қолайлы болса, жөндеу жұмыстары 10-15 күнде аяқталады.
Қазір жолда асфальтты кесу және дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ Ақтауда 11 шағынауданның ішкі жолдарында 9000 шаршы метр асфальт төселді. Атап айтқанда, аталған шағын аудандағы №23,24,25,18а,18,19, 26,27,28, 31, 32,33 тұрғын үйлердің жанындағы жолдарға асфальт төселді.
Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қала тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.