Ақтаудағы 12 шағынауданда орналасқан саяси күрескер Тобанияз Әлниязұлының құрметіне қойылған ескерткіштің тұғыры бұзылып, құлай бастаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қазір Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қаланы абаттандыру нысандарын күтіп ұстаумен айналысатын мердігер мекемені анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатқанын хабарлады.
- Мердігер мекемені анықтағаннан кейін 12 шағынаудандағы ескерткіштің сынған плиткаларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, - деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары.
12 шағынаудан тұрғындарының айтуынша, тұғырдағы қапталған тақтайшалардың бір бөлігі сынып, арматуралары арсиып шығып тұр.
Айта кетейік, Тобанияз Әлниязұлының ескерткіші 2021 жылдың қараша айында ашылған.