Ақтауда 26 мамыр күні қайықтарды жалға берумен айналысатын кәсіпкерлер айлақ орналасқан теңіз жағалауын тазалады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпкерлер теңіз жағалауын тазалап, айлақты сырлау жұмыстарын жүргізді.
- Айлақ маңында санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Айлақ маңындағы теңіз жағасының 2000 шаршы метр аумағы қоқыстан тазартылды. Ал айлақтың қоршауларын сырлау жұмыстары маусым сайын яғни жағажай маусымының алдында жасалады. Санитарлық тазалық жұмыстарын қайықтарды жалға берумен айналысатын кәсіпкерлер жүргізеді, - деді «Жартасты соқпақ» жобасының авторы Марат Сюников.