Өңірдегі білім беру ұйымының 70 маманы журналистика, SMM дағдылары бойынша арнайы курстан өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мұғалімдерді мұндай бағытта оқыту ақпараттық коммуникация құру, ақпаратты әлеуметтік желілерге бейімдеу, фото және видео түсіріп, өңдеу үшін теориялық және практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған. Спикерлер қатысушыларға контент-жоспар құру, тақырып дұрыс қою мен ақпаратты шебер беру бойынша сабақ өткізді. Сондай-ақ, таргет, мобилография қыр-сырларымен бөлісті.
2 күндік курста қатысушылар бүгінгі күні нарықта үлкен маңызға ие болған дағдыларды меңгеріп, заманауи технологияларды түсінді.
«Ақпараттындыру және медиа бағытындағы курс жоғары деңгейде өтті. Жұмыста пайдаланатын пайдалы мағлұматтарды алдық. Білім беру ұйымдары үшін әлеуметтік желілерге ақпаратты бейімдеп жариялау маңызды. Бұл бағыттағы семинар облыста өтіп жатқан алғашқы оқыту», деді қатысушы Маңғыстау индустриалды-техникалық колледж басшысының орынбасары Айнұр Жазықбаева.
Айта кетейік, курсты білім басқармасының тапсырысымен ТМД елдері бойынша білім жүйесін дамытудың халықаралық қоры ұйымдастырды.