Ақтауда абаттандыру жұмыстары аясында теңіз жағалауындағы вандализмнің кесірінен сынған балясиналарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмыстар 9А шағын аудан «I love Aktau» композициясынан бастап 15-шағын аудан «Самал» теңіз жағалауына дейін жүргізілмек.
Жалпы Ақтау қалалық тұрғын-үй комиуналдық шаруашылық бөлімі қала аумағындағы барлық балалар ойын алаңдары, спорт алаңдары, жаяу жүргінші жолдары, орындықтарды сырлау және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, қаладағы барлық ескерткіштерді де сырлау және қалпына келтіру жұмыстары жасалуда.
- Ақтауда абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Теңіз жағасындағы вандализмнің кесірінен сынған балясиналарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі қала тұрғындары мен қонақтарынан қоршаған ортаға құрметпен қарап, қала мүлкіне зиян келтірмеуді сұрайды, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Айдар Бисенов.