Енді кәсіпкерлер тауар белгісін тіркеу үшін басқа облысқа бармайды. Мұндай орталық 32 шағынаудандағы Yessenov университетінің ғимаратында ашылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мұнда бизнес өкілдері өздері шығарған өнімді, әзірлеген технологияны немесе тауар белгісін меншік ретінде тіркей алады. Мәселен, былтыр Маңғыстау облысында экономиканың түрлі саласындағы 24 мекеме әзірлемелерін тіркеді. Биыл 5 кәсіпкер өтініш берген.
- Тауар таңбасын тіркеу кәсіпкердің зияткерлік меншігіне қол сұғудың алдын алады. Сауда белгісі қорғалған болса, оны ешкім рұқсатсыз немесе келісімсіз пайдалана алмайды. Рұқсатсыз пайдаланылған жағдайда келтірілген шығынды сотқа беруге болады. Егер мұндай құқық бұзушылықтар анықталса, автор Әділет департаментіне хабарласа алады», - деді Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басқарма басшысы Ізімжан Бердібеков.