Ақшұқырда дәретхана шұңқырына түсіп кеткен кішкентай баланы жақындары құтқарып қалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оқыс оқиға кеше күндіз болған. Бұл туралы ақпаратты облыстық төтенше жағдайлар департаменті растады.
«31 наурыз күні сағат 13:12 кезінде Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылына шұғыл шақырту келіп түсті. Ауылдағы 2 орамда орналасқан үйдің ауласында орналасқан дәретханаға 2 жасар қыз бала түсіп кеткені бойынша ақпарат түсті. Алайда төтеншеліктер шақырылған жерге жеткенге дейін, жақындары баланы өздері құтқарған», - деді Маңғыстау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.