Ақтауда қала әкімдігінің қолдауымен ҚР халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл, ҚР кескіндемешісі, театр және кино суретшісі Гүлфайрус Ысмайылованың туғанына 95 жыл толуына орай суретшілер көрмесі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған шара «Абай» атындағы мәдени-демалыс кешені және «Қазақстан Республикасы суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткізілді. Суретшілер симпозиумына Ақтау қаласындағы Иран елінің бас консулы Ғоламреза Хашеми, Түркияның бас консулы Сабри Альптекин, Түрікменстан консулдығының атташесі Рахат Аннаназаров қатысты.
Суретшілер симпозиумында 29 суретшінің туындылары көрсетілді. Жиын барысында қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Амантай Кумбаев симпозиум қатысушыларына алғыс хаттар мен дипломдар табыстады.
- Қаңтар айының басында өңір суретшілері арасында симпозиум өткен болатын. Сол симпозиумның қорытындысы ретінде суретшілер көрмесі ұйымдастырылды. Келесі суретшілер көрмесін наурыз айында өткізу жоспарланып отыр, - деді Амантай Кумбаев.