Ақтауда шұңқыр жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында автокөлік жолдарына 176,8 м2 асфальт төселді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жұмыстарға 5 техника және 10 жұмысшы жұмылдырылды. Шұңқыр жолдарды жөндеу жұмыстары мына мекен-жайлар бойынша жүргізілді:
-№7 автомобиль жолы, «Самал» ш/а ылди(спуск);
-№14 автомобиль жолы, Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің маңы;
-№22 автомобиль жолы, «Олжа» сауда орталығының алды;
-17 шағынаудан Халық арена маңы;
-№15 автомобиль жолы, «Оазис» ТҮК маңы.
Автомобиль жолдарындағы шұңқыр жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасады.