Ақтаудағы 8-шағын ауданда жабылған жаяу жүргіншілер жолы қалалықтардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тұрғындар енді тротуар жолының орнына жаяу жүргіншілер көліктерді айналып өтетін жол немесе көлік тұрағы болады деп алаңдаған.
Аталған аумақты тексеруге әкімдік өкілдері шықты.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қоршауды кәсіпкер көлік тұрағын салып, айналасын реттеу үшін орнатқанын жеткізді.
«Тексеру барысында қоршаудың эскизде келісілгеннен биік екені анықталды, сондықтан қоршау бұзылатын болады», - деп хабарлады әкімдіктегілер.