Ақтауда 1 наурыздан бастап автокөлік жолдарындағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жұмыстарға 6 техника және 15 қызметкер жұмылдырылды. Асфальт төсеу жұмыстары мына мекен-жайлар бойынша жүргізілді:
-№22 автомобиль жолы; 17 ш/а бастап 32в ш/а дейін;
-№24 автомобиль жолы; Триумфальная арка маңынан бастап(айналма жол) 35 ш/а дейін;
-№31 автомобиль жолы, «Арман» қонақ үйінің маңы;
-№9 г автомобиль жолы, Жасыл базар маңы
-№14 автомобиль жолы, Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің маңы;
-№22 автомобиль жолы, «Олжа» сауда орталығының маңы;
-17 шағын аудан Халық арена
-№7 автомобиль жолы, «Самал» ш/а ылди(спуск);
-№15 автомобиль жолы, «Оазис» ТҮК маңы.
-1 наурыздан бастап қаладағы автомобиль жолдарында 755,50 м2 шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен жасақталған ақау актісіне сәйкес жүргізілуде. Мердігер компания №18 және №25 автомобиль жолында шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.