24 қазанда түнгі сағат 01:10 шамасында Ақтаудағы 3 шағынауданда 34 жастағы ер адамның үстіне лифті түсіп кетті. Марқұм қызметкер нан толы арбаны сүйремек болған сәтте қайғылы жағдайға душар болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған дерек ҚР қылмыстық кодексінің 3 бабының 156 тармағы бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қайғылы адам өліміне қатысты сараптама жұмысы тағайындалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Бұдан өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін әзірге жарияланбайтыны айтылып отыр.