Ақтауда 23 шілде күні 31А, 31Б шағын ауданда кәмелетке толмағандар арасында болған оқиғаға байланысты ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, аталған шағын ауданда кәмелетке толмаған жасөспірімдер өзара төбелескен.
Жиынға Ақтау қаласы әкімдігі, Ақтау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі, қалалық білім бөлімі, қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының мүшелері, қалалық мәслизат депутаты, спорт мектептерінің басшылары қатысты.
Шараның мақсаты - шағын аудан аумағында ата-аналарға балалардың тәртібі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Түсіндірме жұмыстары барысында жасөспірімдерді спорт түрлеріне баулу мәселесі және заңды өкілсіз түнгі мезгілде тұрғын үйден тыс жерде жүрмеу керегі айтылды.