Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен 14-шағын ауданда орналасқан «Астана» сауда орталығының қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызметкерлер сауда орталығының алдында жол белгілерін сырлады. Нысанның аумағын сыпырып, қоқыстан тазалады. «Астана» сауда орталығының администраторы Сара Умбеткалиева қала кәсіпкерлерін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысуға шақырды.
-ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілуде. Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша және қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің мұрындық болуымен өз үлесімізді қосып, нысан аумағын қоқыстан тазаладық. Тазалық жұмыстары күнделікті жүргізілуі қажет деп есептеймін. Ақтау қаласының барлық кәсіпкерлерін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысуға шақырамын, - деді«Астана» сауда орталығының администраторы Сара Умбеткалиева.