Полицейлер «Қазпочта» АҚ облыстық филиалында кіріс және шығыс сәлемдемелерді тексерді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен кинологиялық қызмет көрсету орталығының қызметкерлері арнайы іздестіру иттерінің көмегімен контрабанданы, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында пошта жөнелтілімдерін тексерді. Профилактикалық тексеру нәтижесінде күдікті заттар табылмады. Мұндай іс-шараларды полиция қызметкерлері апта сайын өткізіп тұрады», деп жазылған Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.